0 Alau Sezim K. Tuntekov Lyrics

Mөп-мөлдір аспаныма
Нұр сәуле шашқаныңда
Үлбіреп аппақ жүзің
Жүрекке от жаққаныңда
Бұлқынып алау сезім
Таусылып тағат-төзім
Өзіңе періштемдей
Ынтығып, қарай бердім

Қайырмасы:
Жарқ етіп жанарың
Назданып қарадың, жаным
От болып жанамын
Шоқ болып барамын, жаным

Жанарың тұнық қандай
Ажарың нұрлы таңдай
Пәк күлкің күйге орады
Өзіңді ұмытқандай
Шыңындай жастық шақтың
Келеді бақыт тапқым
Иесі болсақ, шіркін
Мәңгілік махаббаттың

Қайырмасы:
Жарқ етіп жанарың
Назданып қарадың, жаным
От болып жанамын
Шоқ болып барамын, жаным

See also:

48
48.73
Amango 03. Nuestro sueño Lyrics
Pooh Goodbye Lyrics